«РБК Банк» ісі бойынша іздеудегі азамат ұсталды

«РБК Банк» ісі бойынша іздеудегі азамат ұсталды

«РБК Банк» ісі бойынша іздеудегі азамат ұсталды
ашық дереккөзі

Іздеудегі Валерий Власов Ресейдің Мәскеу облысында ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. Оған қатысты «РБК Банк» АҚ-ның 15 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі кредиттік қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Власов 2018 жылдан бастап халықаралық іздеуде болатын. Қазіргі уақытта күдікті азамат Мәскеу облысының Ішкі істер органдарымен қамауға алынды. Оны Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде.