Жол апатынан қостанайлық екі дәрігер қаза тапты

Жол апатынан қостанайлық екі дәрігер қаза тапты

Жол апатынан қостанайлық екі дәрігер қаза тапты
ашық дереккөзі
Оқиға 10 желтоқсан күні сағат 14:00 шамасында Меңдіқара ауданы мен Боровское ауылындағы жол бойында болған, деп хабарлады turkystan.kz. Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, «Саз 53» көлігін басқарып келе жатқан 19 жастағы жүргізуші «Фольксваген» көлігімен соқтығысқан. Осыдан кейін «Саз 53» көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Ваз 2106» көлігіне соғылған.
«Жол апатынан бас дәрігердің орынбасары, акушер-гинеколог Комарова Елена Владимировна, тіс дәрігері Комаров Виталий Николаевич қаза тапты. Олар Меңдіқара аудандық орталық ауруханасында 2008 жылдан бері жұмыс істеп келген. Өкінішке қарай, олардың алты, он бір және он үш жастағы балалары жетім қалды», - деп жазылған облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес, 19 жастағы жүргізуші ұсталып, изоляторға қамалды.