Қырғызстанға 229 миллион теңгенің бензинін экспорттамақ болды

Қырғызстанға 229 миллион теңгенің бензинін экспорттамақ болды

Қырғызстанға 229 миллион теңгенің бензинін экспорттамақ болды
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасынан Қырғыз Республикасына 960 тонна АИ-92 маркалы бензинді заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды, деп хабарлады turkystan.kz. Заңсыз әрекет Түркістан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті «Манкент» теміржол станциясында «Баррель» жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында анықталған. Ұйымдастырушылар бензин толы цистерналарды «газ конденсаты» атауымен рәсімдеп, теміржолмен шығаруды жоспарлаған. Бензиннің жалпы сомасы 229 миллион теңгені құрайды. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.