Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

10 желтоқсан, 2021 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды 10 желтоқсанда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев 5 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.  Оларды Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкерлері тұтқындаған. Бақытгүл Хаменеваға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-тармағына сәйкес («Аса ірі мөлшерде пара алу») қылмыстық іс қозғалды. Қазір қызметкерлер әкім орынбасарынан Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ғимаратында жауап алып жатыр. Осы аралықта Telegram желісінде @Yedilov есімді қолданушы Б.Хаменованың кабинетінің мөрленген есігінің суретін жариялады.