Мексикадағы жол апатынан 50-ден астам адам қаза тапты

Мексикадағы жол апатынан 50-ден астам адам қаза тапты

Мексикадағы жол апатынан 50-ден астам адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Мексиканың оңтүстігінде заңсыз мигранттар мінген жүк көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz. Апаттан қаза тапқандар саны 54-ке жетті, тағы 59 адам жарақат алды. Чиапас штатының прокуратурасының хабарлауынша, жүк көлігі тас жолдың жиегіндегі тірек қабырғаға соғылып, аударылған. Зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр. Жүк көлігінің фургонында барлығы 107 заңсыз мигрант болған, олардың көпшілігі Гватемала, Гондурас және Сальвадор азаматтары.
«Оқиғаға кінәлілерді тауып, жауапқа тартуға уәде береміз», - деді Чиапас губернаторы Рутилио Эскандон Twitter-де
Прокуратура оқиғаға байланысты тергеу басталғанын хабарлады.