«Әскери альпиниада-2021» сайысы өтіп жатыр (ВИДЕО)

«Әскери альпиниада-2021» сайысы өтіп жатыр (ВИДЕО)

«Әскери альпиниада-2021» сайысы өтіп жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Алматы облысындағы Іле Алатауы тауларында салынған Қорғаныс министрлігінің Тау даярлығы орталығының базасында «Әскери альпиниада-2021» өтуде, деп хабарлады turkystan.kz. Бас штаб бастығының кубогын жеңіп алу үшін арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери альпинистері жарысатын болады. Спортшылар сегіз арнайы тапсырманы орындайды. Қатысушылар табиғи жартасқа жеке өрмелеу машығын көрсетіп, ойлы-қырлы жерлерге марш жасайды. тау Тау даярлығы – арнайы бөлімшелерді таудағы іс-қимылдарға арнайы әзірлеудің негізгі бағыттарының бірі. Жарыстарды өткізу кезінде әскери қызметшілердің даярлық деңгейі, олардың теориялық білімі мен тәжірибедегі дағдылары, жеке және топта жұмыс істей білуі бағаланады. тау Жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 12 желтоқсанда өтеді.