Елорданың алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтті

Елорданың алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтті

Елорданың алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтті
ашық дереккөзі
Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында елордамызНұр-Сұлтан қаласының алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтті. Елорда  

Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен еліміздің маңызды күніне арналды. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Ақмола қаласықазіргі Нұр-Сұлтан, Қазақстанның бас қаласы болып жарияланған.

Кездесуге еліміздің белгілі саяси және қоғам қайраткерлері Фарит Галимов, Сергей Фомичев, Серік Рүстамбеков, Сансызбай Есілов, Төлеген Мұхамеджанов, Николай Мещеряков, Анатолий Ченцов, Светлана Жалмағамбетова, Баир Досмағамбетов, Жәнібек Кәрібжанов, Александр Литвинов, Қайсар Омаров, Болат Қуанышев, Ахметолла Шәкіров шақырылды.

Елорда

«Қазақстанның жаңа астанасы жарияланған күні басымызды қосқан іс-шараны ұйымдастырушыларға рахмет. Қала әкімдігінің бұрынғы қызметкері ретінде Елбасы кітапханасына келгеніме қуаныштымын. Қымбат та таныс жандармен жүздесіп, қуанышым еселене түсті. Бас қаламыз бүгінде ерекше сәулетімен көздің жауын алады. Елорданың игілігі үшін жұмыс істей жүріп, біз Елбасының айрықша қолдауын сезіндік», деп ой бөлісті 1997-2000 жылдары елорда әкімінің бірінші орынбасары болған, ал бүгінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов.

«Маған осы ауқымды жұмысқа о бастан қатысу бақыты бұйырды. Бәрінің қалай басталғанын, жердің асты мен үстінде не жатқанын көрдім. Қала құрылысына тікелей атсалыстым. Бүгін мен осы іске белсене қатысқандардың барлығына шексіз алғысымды білдіремін. Олар – тамаша адамдар, құрылысшылар, өз елінің нағыз патриоттары», – деп атап өтті 2001-2002 жылдары «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары, кейін елорда әкімінің орынбасары болған Сергей Фомичев.

Еліміздің бас қаласы қалыптасуының бастауында тұрған «Евразия + ОРТ» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары Светлана Жалмағамбетова да өз естеліктерімен бөлісті:

«Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан туралы біраз сарапшылар экономикасы әлсіз ел, көптеген ұлттар мекен еткендіктен олар өзара дауласып, күйрейді деп пайымдады. Бірақ, барлық болжамдарға қарамастан, дәл біздің елде, Қазақстанда бейбітшілік пен келісім орнап, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Елбасының арқасында алғашқы күннен бастап болашаққа деген берік сенім қалыптасты. Бүгінде Қазақстан –халықаралық аренада беделді, тұрақты мемлекет, ал Нұр-Сұлтан бүкіл әлемге танымал болды».

Шара Кездесу

Іс-шара барысында қонақтар елорданың қалыптасу мен даму тарихына арналған экспозицияларды тамашалады. Оның аясында Елбасы кітапханасының музей, архив және кітапхана қорларынан алынған фотосуреттер, құжаттар, бейнежазбалар және басқа да бірегей жәдігерлер ұсынылды.