Түркия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкараға шақырды

Түркия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкараға шақырды

Түркия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкараға шақырды
ашық дереккөзі
Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияның Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырымды қабылдауынан кейін белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бинали Йылдырым қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Президентті және Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Сонымен қатар екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту үшін Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Анкараға ресми сапармен келуге шақырған сәлемін жеткізді», деп жазылған Ақорда таратқан хабарламада.
Кездесуде қазақ-түрік стратегиялық әріптестігінің қазіргі жағдайы мен перспективалары, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті Бинали Йылдырымды Түркі мемлекеттері ұйымының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалуымен құттықтады.