Дәстүр көшесіне асфальт төселді

Дәстүр көшесіне асфальт төселді

Дәстүр көшесіне асфальт төселді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Шымкент қаласы Абай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 2021 жылдың 23 ақпан күні Дәстүр көшесі, 1-үй тұрғыны Әлиакбар Қашқынбеков көшелеріне асфальт төсеп беруді сұрап келді. Нәтижесінде Шымкент қаласының мәслихат депутаты М. Жолдыходжаев пен Абай аудандық әкімдігіне бірлесе отырып, мәселені жан-жақты қарастыру тапсырылды. Ал 20 қарашада өтініш қарастырылып, Қатынкөпір шағынауданындағы 0,7 шақырымды құрайтын Дәстүр көшесінің құрылысына жергілікті бюджеттен 21 миллион теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары мердігер «Достық Строй Монтаж» ЖШС арқылы жүргізілді. Мәселе оң шешімін тапты.