Жол мәселесі оң шешімін тапты

Жол мәселесі оң шешімін тапты

Жол мәселесі оң шешімін тапты
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Түлкібас аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне Абайыл ауылының тұрғындары атынан №8 үй тұрғыны Жанат Төлепбергенова келіп, Н. Қасымбеков көшесіне жол салу мәселесі бойынша көмек сұрап келген. Өтініш бойынша «Nur Otan» партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ. Еркебаев Жабағылы ауылдық округінің әкімі Е. Меңлібековке Н. Қасымбеков  көшесінің жол салу немесе жөндеу жұмыстары мәселесінің оң шешімін табуына ықпал етуді тапсырды. Қазір өтініш иелерінің мәселелері бойынша Н. Қасымбеков көшесіне жергілікті бюджеттен 22 миллион 198 мың теңге бөлініп, 2 шақырым жол жөнделді. Өтініш иелері алғыс білдірді.