Тұрмысы төмен отбасыға тұрғын үй салынды

Тұрмысы төмен отбасыға тұрғын үй салынды

Тұрмысы төмен отбасыға тұрғын үй салынды
ашық дереккөзі
Мейрамбай Исабеков – Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Ақмая ауылы, Т. Қирабай көшесінің тұрғыны. 5 баласы бар. 1 баласының мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен, Ақмая шаруа қожалығында жұмыс істейді. Осыған дейін 2021 жылдың 2 ақпаны күні Мейрамбай Исабеков Шиелі аудандық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне келіп, аудандық мәслихат депутаты Дәулет Жұмбековтің қабылдауында болып, үй сұраған. Партия тарапынан аудандық мәслихат депутаты Дәулет Жұмбеков өтініш бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп, тұрғынға 10 миллион теңге көлемінде тұрғын үй соғып берді.