Жаңалықтар

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді

ашық дереккөзі

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облысы Қобда аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қызылжар, Жаңаталап ауылдарының көпбалалы, жалғызбасты аналары мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар көмек сұрап келді. Мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Қобда аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары міндетін атқарушы А.Ыбрай «Қызылжар» БПҰ төрағасы Н. Жұмабеков пен «Жаңаталап» БПҰ төрағасы Р.Байгелдиноваға хабарласып, көмек көрсетуді сұрады. Көмек сұраушылар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласу нәтежесінде көмек берілетін тізімге қосылды. Аудан әкімінің қолдауымен Қобда ауданындағы аз қамтылған 20 отбасыға 1,3 миллион теңгеге 52 тонна көмір түсірілді. Сонымен қатар, партияның «Халыққа көмек» жобасы аясында «Қызылжар» БПҰ көмек қолын созды.