Биометрия: жүргізуші куәлігін сатып алу қиындайды

Биометрия: жүргізуші куәлігін сатып алу қиындайды

Биометрия: жүргізуші куәлігін сатып алу қиындайды
ашық дереккөзі
Соңғы жылдары жүргізуші куәлігін сатып алу жағдайлары жиілей түскені белгілі. Осыған орай, теориялық емтиханды тапсыру кезіндегі бақылауды күшейту мақсатында арнайы биометриялық жүйесі енгізілді, деп жазады turkystan.kz.
«Біз жүргізуші куәлігін алу үшін тапсырылатын емтихан процесін барынша ашық етуді көздейміз. Қазір Нұр-Сұлтанда теорияны тапсыру кезінде бөгде адамдардың қатысуына жол бермейтін биометрия жүйесі енгізілді. Келесі жылы оны барлық өңірде іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ елорда автодромындағы жабдықтар жаңартылды. Бұрын ескірген магнитті датчиктер үнемі істен шығатын. Өйткені, емтихан тапсырушылар белгілерді қағып, жиектастарға көлікті соғатын еді. Енді мұндай проблема болмайды», – деп сендіреді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.
ереже Басқарма төрағасының айтуынша, бұрын «теорияны» тапсыру кезінде емтихан тапсырушы тек жеке куәлігін көрсетіп келген. Ал енді арнайы биометриялық жүйе емтихан тапсырушының құжаттағы бейнесі мен бет-әлпетін сәйкестендірмек. Сонымен қатар әр теориялық емтихан тапсырылатын компьютер жанына бейнекамера орнатылады.