БТР сатпақ болған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды

БТР сатпақ болған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды

БТР сатпақ болған Ақтөбе тұрғыны қамауға алынды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облысының тұрғыны жауынгерлік элементтері мен құжаттары жоқ БТР-ді сатпақ болды, деп жазады turkystan.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жол полициясы бөлімінің қызметкерлері Россовхоз кенті аумағындағы карьерден БТР-60 бронетранспортерін тапты», – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Тексеру нәтижесінде әскери техниканың жергілікті карьерде жұмыс істейтін инженерлердің біріне тиесілі екені анықталды. Азаматтың айтуынша, ол 2000 жылдары белгісіз адамнан бронетранспортерді сатып алған. Бірақ, уақыт өте келе қажетсіз техниканы сатуды шешкен. Полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, қылмыстық кодекстің 386-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Әскери техниканың иесі айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Әзірге бронетранспортер коммуналдық автотұраққа қойылды.