«Омикрон» әлемнің 57 елінде анықталды – ДДСҰ

«Омикрон» әлемнің 57 елінде анықталды – ДДСҰ

«Омикрон» әлемнің 57 елінде анықталды – ДДСҰ
ашық дереккөзі
Бүгінгі таңда алпысқа жуық елде коронавирустың жаңа «омикрон» нұсқасын жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп жазады turkystan.kz ДДСҰ өзінің апта сайынғы эпидемиологиялық есебінде әлемді дүрліктірген «омикрон» штаммынан туындаған аурудың қауіптілігін және оның мутациясы вакциналармен алынған иммунитетті қорғай алатынын бағалау үшін қосымша мәліметтер қажеттігін хабарлады.
«Дерттің қауіптілік дәрежесін ескеретін болсақ, «омикронның» таралуына байланысты ауруханаға жатқызу саны «дельтаға» қарағанда артады деп күтілуде», – делінген ДДСҰ есебінде.
Халықаралық ұйым 26 қарашада Оңтүстік Африкада алғаш рет табылған «SARS-CoV-2» бесінші штаммы – омикрон штаммының пайда болғанын жариялаған болатын. Оңтүстік Африкада жұқтырудың фактілері апта ішінде екі есе артып, науқастар саны 62 мыңнан асқан. Ұйымның есебінде Эсватини, Зимбабве, Мозамбик, Намибия және Лесотода аурудың күрт өсуі тіркелегені айтылады.
«Омикрон» штаммындағы мутациялар вакцинадан алынған иммунитеттен қорғанудың төмендеуіне және вакцинаның қосымша дозаларын қолдануды қоса алғанда, вакцинаның тиімділігі туралы мәліметтерді бағалау үшін қосымша мәліметтер қажет», – делінген хабарламада.