Жаңалықтар

Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

ашық дереккөзі

Бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына енген жоқ

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы ойындар бағдарламасына енетін 28 спорт түрін жариялады. Алайда, бұл тізімде бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыс жоқ, деп жазады turkystan.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. ХОК атқарушы комитеті бокс, ауыр атлетика және қазіргі бессайыстың өтінішін қабылдау немесе кері қайтару туралы ойланатын болады. Бұл үшін соңғы жылдары дау-дамайдан басы босамай жүрген «АІВА» ұйымы қаржылық ашықтық бойынша жұмыстың жақсарғанын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ төрешілерді тағайындауды дұрыс жолға қоюлары керек. «IWF» допингпен күрес жөніндегі ұсыныстарды толық орындап, допингке қарсы бағдарламаның толық тәуелсіздігін дәлелдеуі тиіс. Ал «UIPM» атпен жарысуды алмастыратын жаңа бағдарламаны дайындап шығуы қажет», – деді Томас Бах. Жоғарыда аталған спорт түрлерін жазғы Олимпиада бағдарламасында сақтап қалу мәселесі ХОК-тің 2023 жылғы сессиясында қаралады.