Жұмат Шанинге ескерткіш қойылды

Жұмат Шанинге ескерткіш қойылды

Жұмат Шанинге ескерткіш қойылды
ашық дереккөзі
Шымкентте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қазақ театрының тұңғыш режиссері Жұмат Шанинге арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлады turkystan.kz. Ескерткіштің ашылауына қала әкімі Мұрат Әйтенов, қалалық мәслихат депутаттары мен Ж. Шаниннің ұрпақтары және зиялы қауым өкілдері қатысты.  width= Ұлттың ұлы тұлғаларына құрмет көрсету перзенттік парыз екенін алға тартқан М. Әйтенов жиылған қауымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. шымкент
«Шымкент театры Жұмат Шанин есімін 1972 жылы иеленді. Араға 50 жылдай уақыт салып, театр алдына қайраткердің еңселі ескерткіші тұғырға қонды. Қазақ театр өнерінің ұстазы болған тұлғаның ғибратты ғұмыры мен мол мұрасы – халқымыздың асыл қазынасы. Жұмат Шанинге құрмет көрсету арқылы біз мәдениет қайраткерлеріне құрмет көрсетеміз. Ұлт тарихындағы алғашқы кәсіби театр маманының өмірлік танымы – өскелең ұрпақтың бой түзер бағыты болатынына сенімдімін», - деді қала әкімі.