Депутаттың ұлы көлікпен соққан оқушы қайтыс болды

Депутаттың ұлы көлікпен соққан оқушы қайтыс болды

Депутаттың ұлы көлікпен соққан оқушы қайтыс болды
ашық дереккөзі
Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Бөріхан Беркімбаевтың 32 жастағы ұлы көлікпен қағып кеткен 15 жастағы оқушы көз жұмды, деп хабарлады turkystan.kz. Көлік иесі тұтқындалып, уақытша тергеу изоляторына қамалған. Ал оның әкесі – депутат Беркімбаев «балам заң бойынша жазасын алады, оған ара түспеймін» депті.
«Көліктің рөлінде менің ұлым болған. Ертесінде отбасына көңіл айттым, жерлеуге қатыстым. Ұлымды ақтауға тырыспадым. Ол кінәлі. Заң бойынша жауап береді. Қазір ол тергеу изоляторында. Ұлымды ақтамаймын, бірақ оқиғаның қалай болғанын айтқым келеді. Сол күні ұлым жаттығудан қайтып келе жатқан. Сау болған. Есірткі қабылдамаған. Экпертиза анықтады. Ешқандай жол үстінде жарыс болмаған. Баламның 3 баласы бар. Жол апатынан кейін ол қашпай, жедел жәрдем шақырған. Өз кінәсін мойындады. Заң жүзінде жазасын алады», – деді Бөріхан Беркімбаев.