РБК Банкі ісі бойынша күдікті ұсталды

РБК Банкі ісі бойынша күдікті ұсталды

РБК Банкі ісі бойынша күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Ресейде ірі көлемде қаржы жымқырып, қашып жүрген қазақстандық күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.  width= Агенттіктің ақпаратынша, ұсталған азамат Валерий Власов Алматы қаласы бойынша департаменті «РБК Банкі» АҚ несие қаражатын жымқырғаны үшін іздеуде жүрген болатын. Келтірілген шығынның көлемі 15 миллион долларды құрады. Власов 2018 жылдан бері халықаралық іздеуде жүр. Күдіктіні Мәскеу облысының аумағынан ұстаған және қазір ол сол жерде қамауда отыр. Қазіргі таңда қашқынды Қазақстанға экстрадациялау мәселесі шешілуде.