Кітапханалар оқырмансыз қала бастағанда...

Кітапханалар оқырмансыз қала бастағанда...

Кітапханалар оқырмансыз қала бастағанда...
ашық дереккөзі
Еліміздегі кітапханалардың жағдайы мүшкіл. Мәселен, елімізде 4 мыңға жуық рухани орда болса, оның тең жартысында материалдық әлеует жоқтың қасы. Сондықтан кейбірі тіпті оқырмансыз қаңырап қалған, деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. Алайда кітапхананы өз бетімен жаңартып жатқандар да бар. Алматы технологиялық университетінің 70 жылға жуық тарихы бар рухани ордасына биыл күрделі жөндеу жүргізіліп, ашылу салтанаты өтті. Онда кез-келген адам миллионға жуық кітапты тегін оқи алады. 100 мың оқулықтың электронды нұсқасы жасалған.
«Сыртқы электронды ресурстарға, оның ішінде Мәскеу, АҚШ және басқа да елдердің электронды қорына жазылғанбыз. Бірінші талап – студенттердің соны дұрыс пайдалануы. Ертең елімізден сауатты, білімді, білгір азаматтар шығуы үшін кітапхананың үлесі зор», - дейді АТУ ғылыми кітапханасының директоры Бахыт Төлекова.