Темекі сатуға тыйым салынады

Темекі сатуға тыйым салынады

Темекі сатуға тыйым салынады
ашық дереккөзі
2027 жылдан бастап,  Жаңа Зеландияда 2008 жылдан кейін дүниеге келгендерге өмір бойы темекі сатып алуға тыйым салатын заң қабылданды, деп хабарлады turkystan.kz. Reuters агенттігінің мәліметінше, шектеулер 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі. Осы мақсатта алдымен темекі сататын сауда орындарының санын қысқарту жоспарланып отыр. Сонымен бірге бұл елде 2025 жылға қарай темекінің құрамындағы никотиннің мөлшерін төмендету көзделген.
Жастарымыз ешқашан темекі шекпейді деген сенімдеміз. Ал оларға шылым сату – қылмыспен тең, - деді Жаңа Зеландия Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Айеши Верралл.
2025 жылға қарай Жаңа Зеландия халқының 5%-ы ғана темекі шегетін болады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта 15 жастан асқан жаңазеландиялықтардың 11,6%-ы, ал ересектердің 29%-ы шылым шегеді. Айта кетерлігі, әзірге әлем бойынша Бутанда ғана шылым сатуға мүлдем тыйым салынған.