Еуропада Қазақстан тарихы жайлы кітаптың тұсаукесері өтті

Еуропада Қазақстан тарихы жайлы кітаптың тұсаукесері өтті

Еуропада Қазақстан тарихы жайлы кітаптың тұсаукесері өтті
ашық дереккөзі
9 желтоқсан Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Брюссельде белгілі қазақстандық ғалым, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі. XVI-XIX ғасырлардағы еуропалық және американдық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлады turkystan.kz. Кітап Қазақстанның Бельгиядағы Елшілігінің қолдауымен жарық көрді. Бельгия Іс-шараға Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің, Еуропалық Парламенттің, Еуропалық комиссияның, Энергетикалық Хартия хатшылығының өкілдері, Бельгияда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің басшылары мен қызметкерлері, Брюссельдің академия және мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ қазақстандық диаспора мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Кітап М. Сыдықназаровтың әлемдік коллекциялардағы (еуропалық, америкалық, Шығыс) көпжылдық бастамашыл зерттеулері мен еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Кітапта 130 карта хронологиялық тәртіппен автордың сипаттама-дескрипторлары, түсініктемелері келтірілген, толық шығу деректері мен техникалық параметрлері ұсынылған, сипатталған, келтірілген. Казақстандық ғалымның ғылыми-техникалық параметрлер бойынша карталарды, олардың толық, жан-жақты деректерін беру мен сипаттаудағы мұқияттылығы назар аудартады. Ол сенімді карталар мен дереккөздерді іздеуде Принстон, Стэнфорд, АҚШ Конгресінің кітапханасы және тағы басқа танымал әлемдік ғылыми және университет орталықтарымен үлкен және жемісті жұмыс жүргізген. Брюссельде біздің ғылыми және рухани тарихымыз үшін маңызды бұл кітаптың шығуы терең символдық сипатқа ие және салтанатты болып табылады. Бельгиялық, нидерландтық ғалым-картографтар Қазақ мемлекетін өз карталарында субъектілігі бар ел ретінде көрсеткен алғашқы еуропалықтар болды.
«Қазақтардың автоэтнонимінің дыбысталуының түпнұсқасына жақындығы мен белгілі бірлігі, әлемдік, оның ішінде Еуропалық картографтар, саяхатшылар, Орта ғасыр, Жаңа Заман дипломаттары өздері әзірлеген карталарда өздерінің ұлттық тілдерінде: кітаби, ғылыми латын және тірі тілдерде: нидерланд, фламанд, ағылшын, француз, итальян, валлон, фриз, неміс, және т.б. тілдерде тіркелген және транскрипцияланған ғылыми, тарихи-саяси айқындаулардың ауқымдылығы мен алуан түрлілігі таң қалдырады», - деді кітаптың автор.
М.Сыдықназаровтың пікірінше, «ғалым географтардың, картографтардың, саяхатшылардың, көпестердің, дипломаттардың карталарындағы Қазақ Мемлекетінің политонимдері, кратонимдері әр түрлі, олар көбінесе фонетикаға, қабылдаушы тілдің орфоэпия нормаларына тәуелді болды. Бірақ олардың барлығын бір нәрсе біріктіреді: Еуразияның кең аумақтарындағы орасан зор этномемлекеттік, этномәдени, әскери-саяси процестерге қарамастан, Қазақ Мемлекетінің атауларының уақыт пен кеңістікте тұрақты болуы». Бельгия Кітапты сипаттай келе автор келесіні атап өтті: «Qazaq», «Казак», «Қазақ» Қазақ Мемлекетінің автократонимін, автоэтнонимін және автополитонимін – еуропалық тілдерде біз XV-XIX ғасырларың карталарында«Pays De Kassaks», «Land der Kirgis Kaisaken»,«Independent Tartary», «Independent Tartars», «Tartarie Independante», «Cassachi», «Cassakia», «Cassaqy», «Cassak», «Cassaky», «Caßakia», «Chalzag Stati del Tartaro», «Cazalgites», «Chalzag», «Chazalgites», «Cosaques Errans», «Kassakia», «Kalzag», «Kasakia», «Kasaсia», «Kassacia», «Kasatsha», «Kasacha»,«Kassaki Tartari», «Kaski Tartari»,«Kasakki», «Kasaki», «Kassaki», «Kasakhi», «Kayissaks», «Kaizaken», «Kazak», «Kaissaken», «Kaisaks», «Khasaks», «Kasatsia», «Kazatschia», «Kazaschia», «Kasake», «Kasakhe», «Kassakia Horda», «Kassacia Horda», «Kirghiz», «Kirghiz Khasaks», «Khirghiz Kaizak»және басқа да экзоэтнонимдер, экзополитонимдер және экзократонимдер түрінде кездестіреміз». Қазақстандық ғалым одан әрі сипаттай беріп, келесіні алға тартты: «Көптеген карталарда Қазақ Мемлекеті екі рет белгіленген, бұл картографияның еуропалық дәстүріне, қарастырылып отырған кезеңнің топонимиясына сәйкес кез-келген мемлекеттің барлық қол жетімді кратонимдерін, политонимдерін және этнонимдерін өздеріне белгілі тілдерде, олардың орфоэпиялық нормаларын (айтылу нормаларын) беру дәстүріне сәйкес келеді. Себебі - карталарды еуропалық ғалымдар, географтар, картографтар, баспагерлер, ең алдымен еуропалық оқырмандар, саяхатшылар, көптеген ұлттық тілдерде оқитын зерттеушілер үшін шығарғандықтан. Мысалы, Каспий теңізінің атаулары көбінесе еуропалықтарға белгілі барлық атауларымен - "Маре де Сала Маре де Баку олим Каспийм" (Mare de Sala mare de Bachu olim Caspium) және т. б. беріледі, бұл сол кездегі тек нидерландтық қана емес, жалпы еуропалық географтар, картографтардың дәстүрінде». Автор шараға жиналған қонақтардың назарын келесіге аударды: «Нидерланд, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия, Австрия және АҚШ-тың алдыңғы қатарлы картографиялық баспаларда Қазақ Мемлекеті біз қарастырып отырған тарих кезеңінде басып шығарылатын саяси және өзге де атластарда тұрақты түрде орын алған». М. Сыдықназаров сөзінің соңында «Еуропалық зерттеушілердің, картографтардың, саяхатшылардың, ал кейінірек американдық ғалымдардың, Қазақ Мемлекетін, Қазақ Мемлекетінің кратонимін XVI-XIX ғасырлардағы өз атластарында белгілеуі мен жазудағыбірлігі,Мемлекеттің атауы 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап, таза автоэтнонимнен ауыса отырып, әлем картасында танылатын, институционалдық бекітілген және ең бастысы – бір мезгілде политоним, топоним және кратоним ретінде танылатын жағдайды көрсететінін» атап өтті. Кітап ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде басылып, Бельгия Корольдік кітапханасының тізілімінде тіркелген.