«Шідертідегі шабуыл» жұрттың үрейін ұшырды (ВИДЕО)

«Шідертідегі шабуыл» жұрттың үрейін ұшырды (ВИДЕО)

«Шідертідегі шабуыл» жұрттың үрейін ұшырды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Павлодар тасжолында қарулы шабуыл жасалғаны туралы үрейлі ролик тарады, деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Видео авторы Шідерті ауылының маңындағы жолда көлікке қарулы шабуыл жасалғанын айтып, жүргізушілерді ол жерде тоқтамауға шақырған. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды. https://www.youtube.com/watch?v=limworHq6bc Тәртіп сақшылары көліктердің әйнегін ішімдікке сылқия тойып алған Байет ауылының тұрғыны сындырғанын хабарлады. Бұзақы ұсталды. Ол не үшін көліктерді ойрандағанын түсіндіре алмады.
«Полицейлер 5 желтоқсанда сағат 23:56-да WhatsApp мессенджеріндегі чатқа қираған көліктердің видеосын және осы автожол учаскесінде қарулы қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы дауыстық хабарлама жіберген жүргізушіні анықтады. Айта кетерлігі, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды», - деп түсіндірді Павлодар облыстық ПД ресми өкілі Жанар Белялова.
Видео авторы ескерту алып, оңай құтылды. Полиция жалған ақпарат таратқандар ірі көлемде айыппұл арқалауы немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті.