Ақмола облысы «сары» аймаққа өтті
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылғы 10 желтоқсандағы эпидемиология жағдайын бағалау матрицасын жариялады. деп хабарлады turkystan.kz
«Қызыл» аймақта бір де-бір өңір қалған жоқ.
«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.