Дәулет Ерғожин шаңғы спорты Ассоциациясына басшылық етеді

Дәулет Ерғожин шаңғы спорты Ассоциациясына басшылық етеді

Дәулет Ерғожин шаңғы спорты Ассоциациясына басшылық етеді
ашық дереккөзі
Қазақстан шаңғы спорты Ассоциациясының кезектен тыс конференциясында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин ұйымның басшысы болып тағайындалды. 2015 жылдың мамырынан бүгінгі күнге дейін Ассоциацияны Өмірзақ Шөкеев басқарған болатын. Сонымен қатар, ұйымның вице-президенттері болып Есет Ешпанов, Өмірзақ Шөкеев, Жеңіс Қасымбек, Ерболат Досаев сайланды. Ассоциацияның жаңа бас хатшысы – Асқар Валиев. Конференция қатысушылары Қазақстанда қысқы спорт түрлерін дамытудың ағымдағы мәселелерін талқылады. Бұл сұрақтар 2017 жылғы ақпан айында Жапонияның Саппоро қаласында өтетін Қысқы Азия ойындары және 2018 жылы оңтүстік кореялық Пьенчен қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарының қарсаңында өзекті болып табылады. Сондай-ақ конференция барысында ұйымның жаңа жарғысы бекітіліп, Ассоциация атқарушы комитетінің құрамы сайланды. Айта кету керек, шаңғы спорты Ассоциациясының құрамына шаңғы жарысы, тау шаңғы спорты, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы, сноуборд және фристайл федерациясы кіреді. Еске салсақ, Шаңғы спорты ассоциациясы 2001 жылы Қазақстан Республикасында қысқы спорт түрлерін дамыту және Олимипиалық қозғалысқа қолдау көрсету мақсатында құрылған болатын.