Вакцина алғандарға ақша төленеді

Вакцина алғандарға ақша төленеді

Вакцина алғандарға ақша төленеді
ашық дереккөзі

Украиналықтар  COVID-19 препаратын қабылдағаны үшін 1000 гривн мөлшерінде төлем алатын болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Украина президенті осындай заңға қол қойды. Енді әрбір вакцинаны толық алған Украина азаматына 1000 гривн, яғни шамамен 16000 теңге төленеді. 
«Бұл ақшаға спорт залына немесе фитнес-клубқа жазылу, кинотеатрға, театрға, мұражайға, концерттік залға немесе көрме орталығына баруға, ішкі әуе және теміржол көлігіне ел ішінде саяхаттауға билет сатып алуға болады», - деді ел президенті әлеуметтік желідегі парақшасында.
Тиісті қаражат 19 желтоқсаннан бастап аударылады.