Елордада киберқылмыс жасаған 5 адам тұтқындалды

Елордада киберқылмыс жасаған 5 адам тұтқындалды

Елордада киберқылмыс жасаған 5 адам тұтқындалды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан аумағындағы киберқылмыстардың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында «Hi-Tech» жедел алдын-алу шаралары өтуде, деп хабарлады turkystan.kz. Мәселен, Алматыда жүріп, Нұр-Сұлтандағы пәтерлерді жалға берумен айналысқан алаяқ қолға түскен. Күдікті пәтер іздеген адамдардан электронды картасына алдын ала ақша жіберуді өтінген. Ал астаналықтар алданғанын үйді көруге келгенде ғана білген. Алаяқ осындай тәсілмен 1 айда 400 мың теңге жинап, кәдесіне жаратып үлгерген. Айта кетейік, Нұр-Сұлтан аумағындағы киберқылмыстардың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында «Hi-Tech» жедел алдын-алу шарасы барысында полицейлер 14 киберқылмысты ашып, 5 адам тұтқындалды. Ал жалған хабарландыруға 25 елордалық алданып қалған.
«Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.