Ай бетінен жұмбақ нысан анықталды

Ай бетінен жұмбақ нысан анықталды

Ай бетінен жұмбақ нысан анықталды
ашық дереккөзі
Қытайдың «Юйту-2» ровері Айдан жұмбақ нысанның суретін жіберді. Бұл туралы журналист Эндрю Джонс Twitter парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Айдың арғы бетіндегі «Юйту-2-ден» хабар келді. Солтүстік көкжиекте белгісіз текше тәрізді нысан байқалған. Әзірге оны «жұмбақ үй» деп атады. Ровер оның не екенін анықтау үшін алдағы 3-4 күнде жақындайды. Нысан бағана немесе жатпланеталық емес екені анық, бірақ, зерттеуге тұрарлық», - деп жазды ол.
Аталған суретке байланысты нақты деректер жоқ. Болжам бойынша, бұл нысан астероидтың Айға соғылуынан кейін пайда болуы ықтимал. Ал «Юйту-2» Айдағы Вон Карман кратері аймағына 2019 жылы қонған. Құрылғының Жер серігінің арғы бетіне жеткен алғашқы ровер екенін айта кетейік.