Apple компаниясы iPhone шығармайтын болды

Apple компаниясы iPhone шығармайтын болды

Apple компаниясы iPhone шығармайтын болды
ашық дереккөзі
Нақтырақ айтқанда, компания Азиядағы серіктестерінің зауытынан өнім шығаруды тоқтатады, деп хабарлады turkystan.kz. Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында 24 сағат жұмыс істеу режиміне көшетін Қытай фабрикалары биыл жұмысын тоқтатуға мәжбүр. Бұған қажет құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі себеп болып отыр. Салдарынан Apple компаниясының өндіріс көлемі миллиондаған гаджетке азаяды.  Бұл - миллиард доллар көлеміндегі табыстан айырылу деген сөз. Nikkei басылымының анықтауынша, қазіргі уақытта iPhone 13 Pro Max гаджетін жасап шығару үшін екі мыңға жуық бөлшек жетіспейді. Оның үстіне, қымбатқа түсетін – процессор, модуль, экран және 5G тапшы болып отыр. Айта кетейік, Samsung, Xiaomi, Oppo, HP, Dell, Acer, Nintendo сынды компаниялар да  осындай қиындықтарға тап болып отыр.