Зейнеткердің 20-дан астам қойын пойыз басып кетті

Зейнеткердің 20-дан астам қойын пойыз басып кетті

Зейнеткердің 20-дан астам қойын пойыз басып кетті
ашық дереккөзі
Атырау облысында жүк пойызы 20 қой мен төрт ешкіні қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 8 желтоқсанда Қиғаш-Атырау учаскесінің №15 жолайрығында болған. Жүк пойызының машинисі теміржол бойында жүрген малды көргенімен, тоқтап үлгермей қалған. Оның айтуынша, үй жануарлары жол бойына тым жақын жайылып жүрген.
- Жүк пойызы 20 қой мен төрт ешкіні қағып өлтірген. Одан кейін 12 минуттай бөгеліп тұрды, — дейді департамент басшысының орынбасары Қалижан Қобландин.
Қараусыз жайлып жүрген мал иесі Аққыстау ауылының 61 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер әйел әкімшілік жазаға тартылды.
- Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабы 1-бөлігі («Темiржол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу, мініс малды және табынды айдап өту, темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу») бойынша жазаға тартылып, 5 айлық есептік көрсеткіш (14 585 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді, — дейді полицейлер.