Жаппай төбелес шығарған елордалықтар ұсталды

Жаппай төбелес шығарған елордалықтар ұсталды

Жаппай төбелес шығарған елордалықтар ұсталды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда полицейлер төбелес шығарған азаматтарды ұстады, деп хабарлады turkystan.kz. 9 желтоқсанда сағат 02:42-де «102» арнасына Ш.Құдайбердіұлы көшесінде белгісіз біреулердің төбелесіп жатқаны жайлы қоңырау түскен. «Аталған оқиғаның барлық қатысушылары ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қоғамдық тәртіпті бұзушылар түнгі уақытта «Панаехали» барынан шығып, өзара төбелесіп қалғандары анықталды», - деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Аталған фактіге сәйкес «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.