Аралдан Викинг дәуірінің қылышы табылды

Аралдан Викинг дәуірінің қылышы табылды

Аралдан Викинг дәуірінің қылышы табылды
ашық дереккөзі
Археологтар Шотландия жағалауындағы Оркни аралдарының бірінен Викингтер дәуіріне тиесілі қылыш тауып алды, деп хабарлады turkestan.kz. Қылыш шамамен 9 ғасыр бұрын қолданылған. Семсерді бүлдіріп алмас үшін зерттеушілер оны топырақ қабатымен бірге зертханаға жеткізген. Бұл маңайда қазба жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. семсер Қылыштың ұстауға арналған бөлігінде асқан талғаммен салынған өрнектер бар. Әбден тоттанып кеткендіктен оны оңайлықпен көру мүмкін емес.
«Бұл қылыштың нәзіктігі сонша, біз оның сырт жағынан қалай көрінетінін шамалай алмай отырмыз. Бірақ бұл туралы алдағы айларда анықталады. Қылыш жасалған темір қатты тот басқан, көптеген бөлшектер тек рентген сәулелері арқылы көрінеді», - делінген экспедиция хабарламасында.
Айта кетейік, Оркни аралдарындағы бейіттер алғаш рет 2015 жылы зерттеле бастаған.