Айға Илон Маскпен ұшпақ болған кәсіпкер Байқоңырдан аттанып кетті

Айға Илон Маскпен ұшпақ болған кәсіпкер Байқоңырдан аттанып кетті

Айға Илон Маскпен ұшпақ болған кәсіпкер Байқоңырдан аттанып кетті
ашық дереккөзі
Жапондық кәсіпкер Юсаку Маэзава Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) сапар шегіп, ғарышқа шыққан миллиардерлер қатарына қосылды. Ол отырған ресейлік зымыран Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды, деп хабарлады turkystan.kz. Миллиардер енді ғарышта 12 күн болады екен. Өзінің айтуынша, 88 миллион долларға бағаланған, бұл – Юсаку Маэзаваның 2023 жылы болатын Айға сапарының алғышарты. Кешегі ұшырылымда ол ресейлік ғарышкер Александр Мисуркинмен және миллиардердің досы Йозо Хираномен бірге болған. Forbes журналы Маэзаваны 1,9 миллиард доллар жеке байлығымен Жапонияның ең бай 30-шы адамы деп атады. Еске сала кетсек, 2019 жылы оның Илон Маскқа тиесілі SpaceX компаниясы арқылы Айды айнала ұшатын алғашқы жеке жолаушы болатыны жарияланған. 2023 жылы болатын сапарында миллиардер өзімен бірге 8 адамды алып жүрмек. Барлық жол шығынын өзі көтеретінін мәлімдеді.