Цойдың жалақысы әкімдердікінен аз екен

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжіліс отырысынан кейін журналистерге жалақысының мөлшерін айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«Бұл – қалыпты ғой, әріптестерімізбен бәріміз шамамен 900 мың теңге көлемінде аламыз», – деді ол.

Еске сала кетсек, оған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзге өңірлердегі әріптестерімен бірдей жалақы алатынын айтып, жалақы мөлшерін атамаған болатын.

Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов 2 миллион теңгеге жуық айлық алатындарын жасырмады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button