Шахматтан әлем чемпионаты өтпейтін болды

Елордада рапид пен блиц бойынша жоспарланған 2021 жылғы әлем біріншілігі өтпейтін болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы халықаралық Шахмат федерациясы (FIDE) Twitter-де мәлімдеді.

Жүлде қоры 1 млн долларды құрайтын жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Қазақстан астанасында өтуі тиіс болатын.

Оған 50 елден 200-ден аса спортшы қатысады деп жоспарланған. Оның ішінде рейтингтің алдыңғы қатарында тұрған бұрынғы және қазіргі әлем чемпиондары бар.

Жарысты тоқтату себебі – коронавирусқа қатысты шектеулер.

FIDE бұл турнирді өткізу үшін балама нұсқалар ұсынатынын хабарлады.

Back to top button