«Пара беру өмір салтымызға айналған» – Антикор басшысы

«Пара беру өмір салтымызға айналған» – Антикор басшысы

«Пара беру өмір салтымызға айналған» – Антикор басшысы
ашық дереккөзі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов пара берудің қазақстандықтар үшін әдетке айналып бара жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының сипаты өзгерді. Жемқорлар жаңа шындыққа бейімделді. Енді сыбайлас жемқорлықтың схемасы ақылды, күрделі және жүйелі бола бастады. Басқаша айтқанда, бюрократиялық кедергілер әдейі жасалып, заңды айналып өту мақсатында күрделене түседі. Бұл ретте лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттерінде жауапкершіліктен қашатын айлалар қарастырылған», - деді агенттік төрағасы.
Сондай-ақ ол қазір азаматтарға мәселелерін пара арқылы тез шеше салған ыңғайлы екенін алға тартты. Тіпті, оның әдетке, өмір салтымызға айналғанына деректер келтіріп өтті.
«Егер 2015 жылы «пара беру» бабы бойынша фактілер барлық тіркелген қылмыстардың тек 10 пайызы болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 3/1-ін құрады. Яғни, адамдар саналы түрде шенеуніктерге пара береміз деп барады. Көбінесе түрлі рұқсатты алуға, мемлекеттік қызметтер мен сатып алулар үшін пара береді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бүкіл жүйесін қайта форматтау талап етіледі», - деді Марат Ахметжанов.
Айтуынша, енді Антикор тарапынан алаяқтарды тұсаулаумен қатар мемлекеттік басқарудың кемшіліктерін жою көзделген. Яғни, агенттік сыбайлас жемқорлықтың зардаптары мен күресінен бұрын, оны жоюға көшпек.