Ұлттық банк: Халықтың несиесі кешірілмейді

Ұлттық банк: Халықтың несиесі кешірілмейді

Ұлттық банк: Халықтың несиесі кешірілмейді
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық банк өкілдері несиеге кешіріледі деген ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады turkystan.kz. Кеше Парламент Мәжілісінің депутаты Азамат Әбілдаев азаматтардың мерзімі өтіп кеткен несиесін, яғни, 199 млрд теңгені кешіріп, оларға рақымшылық жасауды талап еткен еді. Осы талапты депутаттар Үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смаиыловқа қойған. Міне, содан бері түрлі мессенджерлерде қаржылық рақымшылық туралы ақпарлар тарай бастаған.
«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде несиеге амнистия жасалады деген сарында тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады», – делінген Ұлттық банктің ресми хабарламасында.
Банк өкілдері қажетті кеңес алу үшін «1477» қысқа нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болатынын еске салды. Бүгінгі таңда халықтың 27 пайызы борышкерлердің тізімінде. Ипотекалық несиелелердің берешегі 2,7 трлн, ал тұтынушылық мақсаттағы несиелер 5,19 трлн теңгеге жеткен.