Арыста Қонаевтың бюсті ашылды

Арыста Қонаевтың бюсті ашылды

Арыста Қонаевтың бюсті ашылды
ашық дереккөзі
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Арыс қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың бюсті орнатылды, деп хабарлады turkystan.kz. Ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, зиялы қауым өкілдері және қайраткердің інісі Диар Қонаев қатысты.
 «Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1956 жылғы 31 шілдедегі Жарлығымен Арыс - қала мәртебесіне ие болғаны белгілі. Мінекей, тура 65 жыл бұрын осы Жарлықтың күшіне енуіне Дінмұхамед Ахметұлы айрықша ықпал еткені ақиқат. Біз бүгін ел игілігі үшін ерен еңбек еткен ерлердің есімін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында осындай салтанатты шарада бас қосып тұрмыз. Бұл біз үшін зор мәртебе», - деді Гүлжан Мамытқызы.
Ұлт мақтанышының бейнесі айшықталған мүсінді Арыс қаласының тумасы, Суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинашев сыйға тартты.