Бейжіңдегі Олимпиададан тағы 2 ел бас тартты

Бейжіңдегі Олимпиададан тағы 2 ел бас тартты

Бейжіңдегі Олимпиададан тағы 2 ел бас тартты
ашық дереккөзі
Ұлыбритания мен Канада Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дипломатия өкілдерін жібермейді, деп хабарлады turkystan.kz. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуына байланысты іс-шараға ешбір министр немесе басқа шенеунік қатыспайтынын айтты. Канада да сол күні Ұлыбританияны бірден қолдап, Қытайдағы қысқы Олимпиада ойындарына дипломатиялық бойкот жариялады.
«Канада Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуы туралы хабарларға қатты алаңдаулы. Біз Бейжіңдегі қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына дипломатиялық өкілдер жібермейміз», - деп жазды Канада елінің Премьер-Министрі Джастин Трюдо Twitter-де.
Сондай-ақ, оның пікірінше, Канаданың немесе оның одақтастарының бұл қадамы Қытай үшін таңқаларлық жағдай емес. 2022 жылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында, ал қысқы Паралимпиада 4-13 наурыз аралығында өтеді. Жапония да дипломатиялық бойкот жариялау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах саяси бойкоттардың көбеюіне қарамастан, комитет спортшылардың Олимпиадаға әлі де қатыса алатынына қуанышты екенін айтты.