Еріндеріне ботокс жасалған түйелер сұлулық байқауынан қуылды

Еріндеріне ботокс жасалған түйелер сұлулық байқауынан қуылды

Еріндеріне ботокс жасалған түйелер сұлулық байқауынан қуылды
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясында биыл «Ең сұлу түйе» байқауынан 40 түйе қуылды. Себебі, иелері олардың еріндерін ботокспен үлкейтіп, бұлшық еттерін гормондармен өсірген, деп хабарлады turkystan.kz. Осылайша табиғи қалпынан айырылған «сәнқой» түйелер сайысқа қатыса алмады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оларға түрлі препараттардың егілуі сайыс ережесін бұзып қана қоймай, денсаулығына да нұқсан келтіреді. Еске сала кетсек, биылғы байқаудың сыйлық қоры – 64 миллион доллар. Түйе баққандар сол үшін жанталасып әлек.