Елордада Сирия жөніндегі кезекті кездесу өтеді

Елордада Сирия жөніндегі кезекті кездесу өтеді

Елордада Сирия жөніндегі кезекті кездесу өтеді
ашық дереккөзі
Сирия жөніндегі Астана процесі аясындағы кезекті кездесу 2021 жылғы 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді, деп хабарлады turkystan.kz. Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі және сириялық оппозиция қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері келеді. Тараптар Сириядағы ахуалды, Астана процесі аясында бұрын қол жеткізген келісімдерді орындау мақсатында деэскалация аймақтарындағы тұрақтылықты қолдау міндеттерін қарастырады. Ресей, Түркия және Иранның, сондай-ақ БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қатысуымен  отырыс өтеді. БҰҰ аясындағы келіссөздер процесіне серпін беру мақсатында өзге де жоспарлар талқыланады.
«Нұр-Сұлтан қаласындағы екіжақты және үшжақты консультациялар екі күнге созылады. Қорытынды мәлімдеменің мәтіні ресми ақпарат көздерінде жарияланады. Коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шектеулерді назарға ала отырып, пленарлық отырыстың өтуі жоспарланбаған», - деп жазылған Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.