Жаңалықтар

Қытайда алып панданың қалдықтары табылды

ашық дереккөзі

Қытайда алып панданың қалдықтары табылды

Қытайдағы Гуйчжоу ғылым академиясына қарасты Тау ресурстары институтының археологтары Азиядағы ең ұзын үңгірден жасы шамамен 102 мың жыл болатын алып панданың қалдықтарын тапты, деп хабарлады turkystan.kz. Бұдан бөлек, Цзуньи округіндегі Шуанхэ Дун үңгірінен де алып панданың қалдықтары табылды. «Ірі денелі панданың жақсы сақталған қалдықтары өте сирек кездеседі», - дейді археологтар. Екі мекеннен табылған сүйек қалдықтары ертедегі алып пандалардың қазіргілер сияқты икемді болғанын айғақтайды. Айта кетейік, осы уақытқа дейін үңгірден алып панданың 30-ға жуық қалдығы табылған.