Бюджетке талас: Депутаттар төбелес шығарды

Бюджетке талас: Депутаттар төбелес шығарды

Бюджетке талас: Депутаттар төбелес шығарды
ашық дереккөзі

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің (Парламент) депутаттары мәжіліс залында төбелес шығарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Кикілжің келесі жылғы мемлекеттік бюджеттің жобасы қаралған отырыста болды. Түркия Ішкі істер министрлігінің бюджетін талқылау кезінде биліктегі «Әділет және даму» партиясы мен оппозициялық «Халықтық-республикалық» партия мүшелері арасында пікірталас туындаған. Кездесуге Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу қатысты. Сессияны талқылау барысында ол «Халықтық-республикалық» партия басшыларының бірі Озгур Озелмен дауласып қалды. Екі тарап өкілдері арасындағы ұрыс төбелеске ұласқан. Оқиғаға байланысты 10 минуттық үзіліс жарияланды. Айта кетейік, Түркия парламентінде келер жылдың бюджет жобасын талқылау кеше басталған. Оппозициялық партия бұл жобаны сынап, қолдамайтынын мәлімдеп отыр. Бюджетті талқылаудың бірінші күнінде отырыс шамамен 12 сағатқа дейін созылған.