Әскерге шақырылушы мен полицейлер арасында жанжал туындады (ВИДЕО)
Әскерге шақырылушы мен полицейлер арасында жанжал туындады (ВИДЕО)
Кейінгі уақытта әскерге себепсіз бармай жүргендердің қарасы қалыңдаған секілді. Сондықтан болар, полиция қызметкерлері көпшілік жүретін орындарда профилактикалық жұмыспен айналысуда. Сондай шаралардың бірінде әскерге шақырылушы мен полиция арасында жанжал туындап қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға Қарағанды қаласында болған. Әскерге шақырылушы жігіт барлығын видеоға түсіріп алған. Оның айтуынша, полицейлер құжатын сұрап, өздерімен бірге алып кетпек болған. Автор өзін сауда үйінен дөрекі әдіспен алып шыққанын және киімінен жұлқылағанына шағымданған. Аталған оқиғаға қатысты Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.