БҚО-да Nur Otan-ның көмегімен 456 адам жұмысқа орналасты

БҚО-да Nur Otan-ның көмегімен 456 адам жұмысқа орналасты

БҚО-да Nur Otan-ның көмегімен 456 адам жұмысқа орналасты
ашық дереккөзі

Жыл басынан бері Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалдарына 4175 адам келіп, өтініш қалдырған, деп хабарлады turkystan.kz.

2440 қабылдау өтікізіліп, мәселелердің 42,5%-ы оң шешімін тапты. Өтініштердің басым бөлігі әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша түскен. Облыстық мәслихат депутаты Нұрғазы Сәтбаевтың қабылдауында болған Теректі ауданында құрылған «Алтын шуақ» мүгедектер қоғамының төрағасы                    С. Ашықбаев ұйым жұмысын жетілдіру мақсатында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартуға көмек сұраған болатын. Қабылдау кезінде Нұрғазы Сәтбайұлы бүгінгі қоғам барынша мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ «Алтын шуақ» қоғамдық ұйымына 1.8 млн теңге бөлді. қабылдау Осы секілді тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылығы саласында да азаматтарды толғандыратын сұрақтар бар. Мәселен, қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген жалғызбасты ана пәтерін жөндеп беруді сұрап келсе, ІІ топтағы мүгедек азамат үйінің салқын екенін айтып, қыс маусымына дайындап беруді өтінді. Орал қалалық мәслихатының депутаты Нұргүл Әжібайқызы қос ананың мұқтаж көңілдерін қалдырмай, жөндеу жұмыстарын істеп берді. Дәл осындай өтінішпен Nur Otan партиясы Бөрлі аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне Қарақұдық ауылының тұрғыны Г.Кенисариева да жүгінді. Оның айтуынша, қатты соққан жел салдарынан үйінің төбесі ұшып кеткен. Бұл өтініш аудандық мәслихат депутаты Асель Имашеваның араласуымен шешімін тапты. Сол сияқты Nur Otan партиясының өкілі, Сырым аудандық мәслихат депутаты Шынар Дүйсенғалиеваға Қоңыр ауылының тұрғындары Ұ.Жұмажанова мен А.Злаханова әлеуметтік жағдайларының қиын екенін айтып, үйлеріне көгілдір отын кіргізіп беруді сұрап хабарласқан. Шынар Сайлауқызы Сырым ауданындағы өзге де партияластарды жұмылдыра отырып, 1 млн 200 мың теңгеге  қоңырлық қос ананың баспанасына көгілдір отын кіргізіп берді. Тағы бір атап өтетін жайт, Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен қараша айында «Жақсылық жасаудан жалықпа!» атты қайырымдылық айлығы өткен болатын. Партия белсенділері аумақтық филиалдардың қоғамдық қабылдау бөлмелеріне арнайы келген мұқтаж отбасыларға көмек қолын созды. Мәселен, Жаңақала ауданындағы партия мүшелері жалғызбасты анаға баспана алып берсе, облыстағы нұротандықтар 4,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты түрлі емге мұқтаж балалар мен көмекке зәру отбасыларға табыстаған. Жиын Nur Otan партиясының  Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген, әлемдегі ең қымбат дәріге мұқтаж, Орал қаласының кішкентай тұрғыны Асқар Фатиманың әкесі Қанаттың өтінішіне  партия аппаратының қызметкерлері бір күндік жалақыларын аударды. Бұл ретте Jas Otan жастар қанатының белсенділері бастаған қайырымдылық шаралары әлі күнге дейін жалғасып келеді. Партия филиалдарына тұрақты жұмыс сұрап келушілер де баршылық. Жыл басынан бері Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалдарының ықпал етуімен 456 адам жұмысқа орналасты.