Зейнетақының шекті мөлшерін алатындар саны екі есе қысқарды

Зейнетақының шекті мөлшерін алатындар саны екі есе қысқарды

Зейнетақының шекті мөлшерін алатындар саны екі есе қысқарды
ашық дереккөзі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары зейнетақының жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне қатысты хабарламасын түсіндіріп берді, деп хабарлады turkystan.kz. Белгілі болғандай, 2022 жылы тек 150 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы қорындағы артық қаражатын тиісті мақсаттарға бағыттай алады.
«Жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне өзгеріс енгізу жүргізілмеген және жоспарланбаған деп хабар тараттық. Яғни, министрлік жаңадан есептеу жүйесін ойлап тапқан жоқ. Бұл бұған дейін іске асқан әдістеме. Ал зейнетақы жинағындағы алуға болатын қаражаттың 2 есе өсу себебі 2022 жылға әлеуметтік көрсеткіштер көлемі ұлғайды. Атап айтқанда, ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін көтерілсе, 2022 жылға ТЖШ шамасы да өсті. Бұл жаңа әдістеме емес. Бұл техникалық өзгеріс», – деді баспасөз қызметкері.
Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, барлық есеп айырысуларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізеді.