Шенділер бюджет қаражатын үнемдеу үшін таксиге ауысты

Шенділер бюджет қаражатын үнемдеу үшін таксиге ауысты

Шенділер бюджет қаражатын үнемдеу үшін таксиге ауысты
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында басқарма басшыларынан бастап облыстық әкімдіктің қызметкерлеріне дейін қызметтік көліктерін тастап, таксимен жүре бастады, деп хабарлады turkystan.kz. Жергілікті басқарма мен департамент басшылары және олардың орынбасарлары қызметтің бұл түріне жылына бюджеттің 15 миллион теңгесін жұмсайды екен.
«Такси таңертең 9.00-де қызметкерлерді жұмысқа алып келеді. Содан кейін сағат 13.00-ге дейін ешқандай жиналыстар болмаса такси жүргізушілері диспетчер арқылы қала тұрғындарымен байланысып, өздерінің тапсырыстарын орындайды. Бұл қадам бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді», – деді «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры Мeйірбек Нұркен.