Ең аз жалақы өнер саласы мамандарының еншісінде

Ең аз жалақы өнер саласы мамандарының еншісінде

Ең аз жалақы өнер саласы мамандарының еншісінде
ашық дереккөзі
Елімізде ең төмен жалақыны өнер және ойын-сауық саласының мамандары алатыны белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz. «Finprom» сайты таратқан мәлімет бойынша, 2021 жылдың үшінші тоқсанында аталмыш сектордағы айлық атаулы жалақы 162,6 мың теңгені құраған. Бұл - еліміздегі орташа жалақыдан да аз. Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанындағы мәлімет бойынша, сала қызметкерлерінің саны 69,9 мыңға жеткен. Бұл өткен тоқсанмен салыстырғанда 3,2 пайызға, ал өткен жылдың сәйкес мерзімінен 0,3 пайызға кемігенін байқатады. Өнер және ойын-сауық саласында қызмет атқаратын мамандардың нақты саны 66,7 мың адам. Бұл көрсеткіш екінші тоқсанмен салыстырғанда 4 пайызға аз.