Елімізде 14-ші мемлекеттік табиғи парк құрылды

Елімізде 14-ші мемлекеттік табиғи парк құрылды

Елімізде 14-ші мемлекеттік табиғи парк құрылды
ашық дереккөзі
ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев өзінің твиттер желісіндегі парақшасында Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылғанын жазды, деп хабарлады turkystan.kz. 7 желтоқсан күні ҚР Үкіметінің № 867 қаулысына сәйкес Қазақстанда «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды. «Ұлытау» ұлттық паркі ҚР Президентінің тапсырмасы аясында құрылып отыр. Парк Қарағанды өңірінде орналасатын болады, оның аумағы 58,9 мың гектарды құрайды. Жаңа парктің құрылу мақсаты - ерекше экологиялық әрі ғылыми құндылыққа ие мемлекеттік табиғи кешендердегі биологиялық және ландшафтық саналуандықты сақтау және қорғау. «Ұлытау» ұлттық паркі – Қазақстандағы 14-ші мемлекеттік табиғи парк.