Цой ақылы вакцинацияның құны туралы айтты

Цой ақылы вакцинацияның құны туралы айтты

Цой ақылы вакцинацияның құны туралы айтты
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer және BioNTech компаниясынан Comirnaty препаратымен ақылы вакцинацияның құны қанша болатыны туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
«Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният Pfizer 20 доллар тұратынын айтты. Солай ма?» - деп сұрады Мәжіліс алаңында журналист.
Цойдың айтуынша, нақты бағасы анықталмаған.
"Қазір бағасы қанша болатыны туралы нақты түсінік жоқ. Есеп әлі жүргізілген жоқ. Белгілі бір партияның келгенін көргенде, оның нақты көлемін білгенде ғана нақты бағаны айта аламыз. Әзірше белгісіз. Алдағы 1-2 айда жеткізілім болады. Вакцинаны күтіп отырмыз", - деді ол.